Мемлекеттік қызмет түрі оңтайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет түрі оңтайланды

13.04.2018

Бұдан былай арнайы мекемелерге бармай-ақ электронды түрде тұрғылықты мекенжайға тіркелуге болады. Сондай-ақ, тіркеуі үшін төленетін мемлекеттік жарна да алынып тасталды. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік істер жөніндегі департамент тұрғындарға осындай қызмет түрін ұсынып отыр. Электронды мемлекеттік қызмет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, халықтың уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. «Алайда, оңтайландырылған мұндай қызмет түрлеріне жүгінген тұрғындардың саны әлі де көп емес», - дейді мамандар.

Меруерт Қайырбекова, тұрғын:

- Осыдан 4-5 жыл бұрын тұрғылықты мекенжайға тіркеуге тұру үшін үй иесі міндетті түрде болу керек болатын. Қазіргі күні өзім жаңа қоныс аударып, тіркеуге тұру үшін кітапханаға келіп электронды интернет арқылы egov.kz арқылы қызмет алуға болатынын таныстарымнан естіп өтініш бердім. Үйдің иесі электронды түрде растап, 10 минуттың ішінде тұрдым.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу