«Кеңес еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдер әзірленетін тиімді пікірталас орталығы болуы тиіс». Осылай деген Кеңес төрағасы, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі екі ағымның – жаһандану мен ұлтшылдықтың түйісуі салдарынан туындаған әлемдегі жағдайлардың шиеленісті сипаттарын атап өтті.
Төраға сондай-ақ, қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда бірінші кезекте нарық жолындағы күрес көрініс тауып отырғанына тоқталды. Осыған байланысты ықпалдасу бірлестіктеріндегі процестер салмақты талдауды қажет етеді. Қазақстан экономикасының мүддесіне орай әлеуетін күшейту тұрғысында Еуразиялық экономикалық одаққа ерекше назар аударылуы тиіс. Кеңес аясында жүзеге асатын талдау жұмыстарына институттардың, орталықтардың, жалпы алғанда үкіметтік емес ұйымдардан тұратын бүкіл азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту керек.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.