Астанада Түркістан облысы өнерпаздарының мерекелік концерті өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Түркістан облысы өнерпаздарының мерекелік концерті өтуде

19.06.2018

Бүгінгі саяси шешіммен қатар Астанада Оңтүстік Қазақстан яғни, жаңа құрылған Түркістан облысы өнерпаздарының мерекелік концерті өтуде. Бұл шара Астананың 20 жылдығына арнайы тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Гала-концерт алдында көпшілік назарына оңтүстік шеберлерінің қолынан шыққан туындылар ұсынылды.

Көрмеде 500-ге жуық жұмыстар қойылған. Барлығы да бас қаланың мерейтойына арнайы жасалған дүниелер. Одан кейін елордалықтар мен қала қонақтары оңтүстік өнерпаздарының концертін тамашалады. Бұл мерекелік тарту қазір де жалғасып жатыр. Көпшілік «бүгінгі іс-шараның әкімшілік бөлініспен дәл тұспа-тұс келуі де бекер емес», - дейді. Елбасының Жарлығы тек оңтүстік емес, тұтас Орталық Азияға тың серпіліс береді деген пікірде.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу