Павлодардың орталық алаңында мерекеге дайындық жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардың орталық алаңында мерекеге дайындық жүргізілуде

29.08.2014
Павлодардың орталық алаңында мерекеге дайындық жүргізілуде

Павлодардың Орталық алаңында ҚР Конституция күніне дайындық қызу жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

30 тамыз күні қала тұрғындары мен қонақтарына мемлекеттік мерекенің 19 жылдығына арналған салтанатты шара ұсынылады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір облыс әкімдігінің жанында мерекелік сахна құрылып, оқушылар мейрамға арналған шерудің дайындығын пысықтауда.

Сағат 10.00-де төменгі және жоғары жағалауда, стритбол алаңында спорттық шаралар ұйымдастырылады. Сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін орталық алаңда қаланың көркемөнерпаз ұжымдарының қатысуымен «Ата Заң – алтын тұғырымыз» атты театрландырылған шеру өтеді.

Сонымен қатар, сағат 12.30-да «Адам және азамат» аллеясы ашылады. Мұнда тұрғындар білікті мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.

30 тамыз күні ата-аналар мен балалар «Играем в цирк», «Счастливое детство», «Воздушное настроение» және «Выставка цветов» бағдарламасын тамашаласа, кешкі уақытта қаламыздың үздік өнерпаздарының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан» концерті ұсынылады.

Хабарламаларға жазылу