Бүгін Астана шығармашылық пен ғылымның ордасына айналды. Бас қалада ТМД елдері зиялы қауымының он үшінші форумы өтіп жатыр.
Бұл Достастық кеңістігінде жыл сайын өтетін ең ірі гуманитарлық шара. Биылғы форумға 200-ге жуық делегат қатысуда. Он үшінші форумның тақырыбы – «ТМД-дағы диалог - 21 ғасырдағы гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі». Мақсат - елдер арасындағы ғылыми және шығармашылық бағыттағы ынтымақтастықты тереңдетіп, ғалымдардың, өнер өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне мүмкіндік ашу .
Анатолий Иксанов, ТМД-ға мүше елдердің гуманитарлық серіктестігі халықаралық гуманитарлық қорының атқарушы директоры:
- Аса маңызды жобалардың бірі - Ресейдің Дубна ғылыми қалашығында жас ғалымдарды жинап, ядролық құрылғыларда жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Осының арқасында жастарға өз жобаларын ұсынып, оны ТМД шеңберінде жүзеге асыруға жағдай жасалуда.
Форум аясында дәстүрлі «Достастық жұлдыздары» атты гуманитарлық сыйлығы да табысталды. Биыл бұл құрметке сегіз елдің өкілдері лайық деп танылды. Олардың ішінде белорустық Олимпиада чемпионы Дарья Домрачева, ресейлік музыкант Юрий Башмет және отандасымыз Айман Мұсақожаева бар.
Маралбек САҒЫНҒАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.