Астанада қос ағартушының еңбегі ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қос ағартушының еңбегі ұлықталды

17.11.2023

Астанада Ыбырай Алтынсарин мен Константи́н Ушинскийдің еңбегі ұлықталды. Ғасыр өтсе де қос ағартушының педагогикадағы идеялары әлі де өзекті дейді жиналғандар. Конференцияда ТМД елдерінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері бас қосты. Сондай-ақ, отырыс «Күзгі орыс тілі мектебінің» 20 жылдығына арналды.

Александр Сидорович, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры:

«Күзгі орыс тілі мектебінің» өткен 20 жылында ілім мен білімнің, осы жолда аянбай тер төккен ұстаздардың еңбегі жатыр. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде 14 мектеп ашқанын білесіздер. Біз соның игі істерін жалғастырушымыз. Басты мақсат – ТМД елдеріндегі ұстаздардың басын қосып, пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу.

Тәуір Бозекен


Хабарламаларға жазылу