Алматыда «Алматы және оның аңыз тұлғалары» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алматы және оның аңыз тұлғалары» атты көрме ашылды

18.06.2018

Онда жазушы-журналист, белгілі суретші Жұмат Әнесұлының шығармалары қойылған. Қылқалам шеберінің түрлі жанрда салған 42 туындысы көпшілік назарына ұсынылды. Тақырыпқа сай суреттерде алып шаһардың көрікті жерлері майлы бояу және гуашьпен бейнеленген.

Сондай-ақ, ұлтқа еңбегі сіңген тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың портреттері де бар. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Жұмат Әнесұлы, суретші, жазушы-журналист:

- Алматының көрікті жерлерін салмаған суретші  аз да, көп те емес. Бірақ, мен өзімше, ешкімге ұқсамайтын Алматының көркем жерлерін, табиғатын көрсетуге тиісті едім. Сол парызымды орындадым деп ойлаймын.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу