«Startup Bolashak – Менің арманым» Ұлттық байқауына қатысуға 10 мың адам өтініш білдірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Startup Bolashak – Менің арманым» Ұлттық байқауына қатысуға 10 мың адам өтініш білдірген

08.06.2018

Бизнес идеяларын іске асырғысы келген жастар инвесторлар алдында барын салып қорғаулары тиіс. «Startup Bolashak – Менің арманым» Ұлттық байқауының басты талабы - осы. Іріктеу ақпаннан мамыр айына дейін өтті. Оған еліміздегі мектеп оқушыларынан бастап ғылыми зерттеу институттары қызметкерлеріне дейін қатысты. Ұзын саны 10 мың адам. Бірақ, 1000-ға жуығы ғана ширек финалға жолдама алды. Олар «Жасыл экономика», «Қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы және химия», «Медицина» сынды тақырыптарда стартап жобаларын қорғайды.

Айта кету керек, бұған дейін 35 жоба авторлары кәсібін жүргізу үшін өздері 10 млн. теңге көлемінде инвестиция тартқан. Ал, алдағы үш күнде 500-дей бизнес идея арасынан тек сүбелілері таңдалып алынады.

Арын Өрсариев, ҚР БҒМ жауапты хатшысы:

- Олардың арасынан 200-дей жобаны іріктейміз. 100 жоба жазғы лагерьге өтеді. Жазғы лагерьден кейін финалға, яғни, күзгі телеверсияға өтеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу