«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігіне жаңа төраға тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігіне жаңа төраға тағайындалды

06.06.2018

Бүгін Асылбек Қожахметовті үкіметтік емес ұйым өкілдеріне таныстырған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев бірлестіктің алдында бірқатар міндеттер тұрғанын жеткізді. Алдымен бұл құрылым үкіметтік емес ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларға  жаңа білім көздері мен құзыреттерін үйрететін әдістемелік орталыққа айналуы тиіс. Айта өтейік, «Қазақстанның азаматтық альянсы» еліміздегі 500-ден астам үкіметтік емес ұйымды біріктіретін ең ірі республикалық үкіметтік ұйым. Мұның жүйелік құрылымы 16 аймақта және Астана мен Алматы қаласында жұмыс істейді.

Асылбек Қожахметов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы:

- Қазір аймақтарды тыңдаймыз. Азаматтық альянстың мүшелерін, сосын министрлікті тыңдаймыз. Ұсыныстарды талқылаған соң, бір шешімге келеміз. Әуелі стратегиялық, сосын операциялық бағыттағы шешімдерді қабылдаймыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу