Астанада ақпаратқа қол жеткізудің жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ақпаратқа қол жеткізудің жолдары талқыланды

05.12.2017

Құпия ақпараттан басқа мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі ақпарат тұлғалардың сұрауы бойынша қолжетімді болуы қажет. Бұл Конституцияда, заңмен де бекітілген. Осы тақырыпты сөз еткен еліміздің сарапшылары Астанадағы семинарға жиналды. Жиында «Ақпаратқа қол жеткізу» заңының жүзеге асырылуы айтылды. Мамандардың сөзінше, ақпарат қолданушыларға заң талаптарын түсіндіру бойынша түрлі оқытуларды жиі өткізу қажет. Соған байланысты, осындай семинарлардың маңызы артады,-дейді ұйымдастырушылар. 

Жібек Ахметова, «Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:

- Қандай ақпаратты жариялауға болады, қандай ақпаратты жариялауға болмайды. Жарияланған ақпаратты қай жерден табуға болады? Сонымен қатар, азаматтарға ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша әдістерді үйретеміз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу