Жыл сайын бейресми форматта өтетін іс-шараға 45 адам қатысты. Оның ішінде студенттер, оқушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Кездесуге Германия, Греция Испания, Франция сынды мемлекеттердің 13 дипломаты келді. Олар еліміздің жастарымен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты талқылап, білім саласындағы бағдарламаларды сөз етті.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына – 25 жыл. Осыған байланысты елімізде бірнеше ауқымды іс-шара өткізу жоспарда бар.
Золтан Салаи, ҚР ЕО өкілдігінің уақытша сенімді өкілі:
- Шарамыз жақсы дәстүрге айналып, жастар мен дипломатиялық корпус арасында жақсы бағаланатынына қуаныштымыз. Дипломаттармен сұхбаттасуға қызығушылық танытып жүрген жастардың қатары жыл сайын артып келеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ