Еліміздегі соттардың жұмысы жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі соттардың жұмысы жеңілдетіледі

01.06.2018

Бұл сұрақ Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Қазіргі уақытта қазақстандық соттардың қарауында жылына 2 миллион 600 мың іс болады. Оның үстіне көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бұл тиісінше сапаға да әсер етеді. Енді үкім шығарушылардың жұмыс ауқымын азайту үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әкімшілік сипаттағы дауларды сотқа жеткізбеу қолға алынады. Яғни, медиацияны дамытуға екпін берілмек. Мұның бәрі алдағы уақытта қабылданатын жаңа заңнамада қамтылмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу