Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 13 қыркүйектен бастап карантин жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 13 қыркүйектен бастап карантин жеңілдетіледі

10.09.2021

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 13 қыркүйектен бастап карантин жеңілдетіледі. Жолаушылар ағынын азайту үшін қарбалас уақыттарда қоғамдық көліктер көбейтіледі. Сондай-ақ ұлттық құрамалар мен топтарға спорттық жаттығумен айналысуларына рұқсат етілді. Ұлттық банк пен қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің уақыт пен адам санын шектеу актісіне сәйкес қаржылық ұйымдар да қызмет көрсете алады. Бұдан бөлек «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық білім беру және сауықтыру орталықтарының да жұмысы жанданады.Тек өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескеруі керек.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу