Алматыдағы 15 тарихи-мәдени нысан «Киелі Қазақстан» жобасының бағдарламасына енді
Алматы қаласының аумағындағы 15 тарихи-мәдени нысан «Киелі Қазақстан» жобасының бағдарламасына енді. Солардың 6-ы республикалық, 9-ы жергілікті маңызы бар кешен. Республикалық нысандар тізіміне Райымбек батырдың бейіті, Ахмет Байтұрсыновтың музей-үйі, Боралдай-сақ қорғандары, Республика алаңы сияқты тарихи маңызы бар орындар кірген. Қазір ғалымдардың алдында осы кешендерді жастарға кеңінен насихаттау міндеті тұр. Осы бағытта Алматыда 6 мемлекеттің ғалымдары бас қосып, тарихи орындарды жаңғырту мәселелерін талқылады.
Данияр Алиев, қалалық Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары:
- Осылардың бәрін насихаттау керек. Сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, тарихы мен еліне деген құрметін арттырамыз.
Аманкелді СЕЙТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
