Еңбек өнімділігін арттырмай бәсекелі экономика қалыптаспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек өнімділігін арттырмай бәсекелі экономика қалыптаспайды

25.05.2018

Қазақстанның бәсекелі экономикасын одан әрі арттыру үшін еңбек өнімділігін ұлғайтуға бағытталған жаңа мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру керек. Бұл туралы аталған мәселені алға жылжыту мақсатында өткен жетінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Конференция барысында кәсіпкерлік субьектілеріне кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға негізделген мемлекеттік қолдаумен толығырақ танысуға, қолданыстағы шаралардың тиімділігі жөніндегі мәселелерді тыңдауға және жаңа жобаларын ұсынуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, жаһандық жиында халықаралық тәжірибе талқыланып, озық үлгілері назарға алынатын болды. Басқосудың мақсаты - мемлекеттік сектор мен бизнес қауымдастық арасында диолог алаңын құру. 

Әлия Арыстанбаева, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары:

- Өткен жылғы конференцияда біз көрсетілетін шаралардың талаптарына енгізілетін өзгертулер туралы айтқанбыз. Біздің бұл қадамымыз өте дұрыс болды. Өйткені, өзгертулер күшіне енгеннен кейін 6 ай ішінде түскен сұранымдардың саны 10 есе артты. Ал, осы жылы біз шығындарды өтеуге жіберілетін электрондық сұранымдарды автоматтандыру туралы айтқымыз келіп отыр. Бұл жұмысты оңайлатып, оған кететін уақытты қысқартады. Келесі жылғы конференцияда бұл қадамымыздың тиімділігі туралы айтамыз деп үміттенемін.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу