Көлік, темір жол қатынасын реттеу үшін Парламентте барлық заңдар қабылданды. Ал, оның жүзеге асырылуы қалай? Осы мәселені талқылау үшін Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Жиын барысында инвестициялық компанияларға қосымша құн салығын қайтару, импортталатын тауарларды қосымша құн салығынан босату жайы сөз болды.
Транзит - негізгі қаржы кірістерін қалыптастыратын саланың бірі. Ал, бұл замануи «Нұр жолы» деп аталатын көлік өткізу пункті. Құны - 98,2 млрд теңге.
Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асып жатыр. Мұнда заманауи технологияның барлығы қолданылған. Жоба жүзеге асса, жол бойындағы жемқорлыққа да жол берілмейді.
Индира Бегайдар, тілші:
- «Құрғақ порттың» да экономомикаға пайдасы мол. Айлақ ашылғалы 86 мыңға жуық контейнер тиелген 4 мыңға таяу жүк пойызын қабылдап, жөнелтті. Депутаттар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының да жұмысымен танысты. Кәсіптің нәсібін көргісі келетін азаматтарға «Қорғастағы» тауар тасуда шектеулер бар. Депутаттар «заңнамалық өзгерістер қажет», - дейді.
Сенат депуттатары жиында салық және кеден саясаты мен әкімшілендіру, инвестициялық ахуал жайын талқылады. Мемлекеттік органдармен барлық түйткілдерді енді Парламент қабырғасында қарамақ.
Индира БЕГАЙДАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.