Астанада балалар батуттан зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балалар батуттан зардап шекті

04.05.2018

Астанада қатты соққан желдің салдарынан батут аударылып, 5 бала зардап шекті. Желдің екпіні күшті болғаны соншалық батут 20 метр жерге ұшып кеткен. Дегенмен, күрделі конструкция қазығының нықтап қағылған-қағылмағанын анықтауға арнайы мамандар кірісіп кетті. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ал, Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі ата-аналарды балалары үшін жауапты болуға шақырды. Себебі, күні бұрын дауылды ескерту жасалғандығын айтты. Жеткіншектердің жағдайы ауыр. Бәрі екінші қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың үлкені 6 жаста, кішісі үште. Екеуі ер бала, үшеуі қыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу