Алматыда Отан қорғаушылар күні қарсаңында жас курсанттар ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Отан қорғаушылар күні қарсаңында жас курсанттар ант қабылдады

02.05.2018

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің өрендері ант қабылдады. Енді олардың өмірлері мен оқулары әскери тәртіп шеңберінде өтеді. Ол үшін лицейде барлық жағдай жасалған. Оқуға қажетті осы заманға сай құрал-жабдықтармен қамтылған орталықта жас курсанттарға білікті сардарлар дәріс береді. Бойындағы талантын шыңдаймын деген өнерлі білімгерлерге арналған арнайы үйірмелер де бар. «Өйткені, сапқа тұрған әрбір азамат білімді, өнерлі әрі қайратты болуы қажет», - дейді ұстаздар.    

Сәбит Тауланов, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің директоры:

- Әрине, балаларымыз оқып, білім алып, Қазақстанның үлгілі азаматы болса, одан басқа арманымыз жоқ. Біздің балаларымыз жер жерде оқиды. Шет елде де, өзіміздің жерімізде де оқып, үлкен табыстарға жетіп жатқан жағдайы бар. Балаларымыз оқуды бітіріп, әскер қатарына келіп, жақсы орындарға орналасады деген ойым бар.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу