«Жасыл экономика» термині заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл экономика» термині заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс

28.04.2018

Елімізде 40-қа жуық кәсіпорын ауаны ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізіп отыр. Бұл онымен қоймай, ішкі жалпы өнімнің кемуіне де тікелей әсер етеді. Экологиялық жағдай қандай болса, экономика да солай болатынын Нобель сыйлығының лауреаты Саймон Кузнец дәлелдеп берді. Әлемдік ғылыми зерттеуге біздің экологтар да зер салды. «Қазақстан экологиялық ұйымдары» қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева жаңа Экологиялық кодекс тұжырымдамасына ұсыныстарын таныстырды.

Ол жаңа кодексте «жасыл экономика» термині заңдық тұрғыда бекітілуі тиіс,-деді. «Бірақ, бизнесті экологиялық талаптармен матап тастауды ұсынбаймын, тек мемлекет жасылдану жолына түсуге мүмкіндік жасауы керек»,-деп сөзін түйіндеді. Сондай-ақ, экологияның сан саласына сапалы сараптама жасай білетін сауатты мамандар даярлау көзделген. Қауымдастық пен Энергетика министрлігі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Елдос Абақанов, «Қазақстан экологиялық ұйымдары» қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:

- Мақсатымыз экологиялық мәселелерді шешудегі қоғамдық ұйымдардың үлесін жоғарылату, бір-біріміздің ұсыныстарымызды қабылдау, түсіну. Одан кейін бірігіп қорытынды шешімдерді қабылдау.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

Хабарламаларға жазылу