Депутаттар әскердегі әлімжеттікке қатысты заң қабылдауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар әскердегі әлімжеттікке қатысты заң қабылдауды ұсынды

02.11.2022

Әскердегі әлімжеттік пен тәртіпсіздікті түзейтін кез келді. Ондағы әр оқиға жіті зерттеліп, болашақта мұндай олқылықтар орын алмайтындай жағдай жасалуы тиіс. Бұл жайында Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қарулы күштер мен қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед соңғы кездері әскерде белгісіз жағдайда қаза болған сарбаздардың қатары азаймай тұрғанын айтты. 

Сондықтан біз бұл жағдайлардың қайталанбауы үшін заңдық тұрғыда құжаттар қабылдауымыз тиіс дейді. Депутаттар қазір әскерде келісім шарт бойынша борышын өтеп жүргендердің үлесі 70 пайыз екенін алға тартып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жағын қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ әскерилердің біліктілігін арттыру ісі де маңызды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу