ҚХА-ның 26-шы сессиясына Қарағанды облысынан 42 делегат қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА-ның 26-шы сессиясына Қарағанды облысынан 42 делегат қатысады

27.04.2018

«Қазақстан халқының бірлігі –тұрақтылық пен дамудың негізі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясына Қарағанды облысынан 42 делегат қатысады. Бүгін оларды жерлестері «Достық үйінен» салтанатты түрде шығарып салды. Жалпы, өңірде 75 этномәдени бірлестік бар. Олар еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Жыл сайын үздік этномәдени орталықтарға облыс әкімінің грантын табыстау дәстүрге айналған. Биыл бұл сыйлық 24  бірлестікке беріліп отыр. Ол қаражат орталықтардың жан-жақты дамуына жұмсалады. Облыс басшысы делегаттарға сәт-сапар тіледі. 

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Біз бірлігімізбен мықтымыз. Бұл Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілігіміз. Жерлестер ұлтаралық татулық пен халықтар бірлігінің бесігіне айналған Тәуелсіз Қазақстанды одан әрі нығайту мақсатындағы біздің ортақ жұмысымыз әрдайым сәтті болсын. Жолдарыңыз болсын!

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу