Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді

18.05.2014
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді
Бүгін, Астанада ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен  «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті»  тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.
 
Бұған дейін ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа    дайындық мәселелерін талқылаған болатын.
 
Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемлекеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады.
 
Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу