«Электронды үкімет» порталы қолжетімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Электронды үкімет» порталы қолжетімді

25.04.2018

Солтүстік Қазақстан облысында «Электрондық үкіметтің» порталын пайдалану дағдыларын қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру және барлық бюджеттік ұйым өкілдері белсенді түрде меңгеруде. Сондай-ақ, «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы» атап айтқанда, «Connection Point» алаңдары өз жұмысын бастады. Олардың саны өңірде – 180. 

Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы. Тұтынушылар өздеріне мемлекеттік қызметті кезексіз ала алады. Қазір бұл жерлерде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тәжірибеден өтіп, тұрғындарға электрондық анықтамаларды қалай алу керегін үйретуде.

Никита Егоров, колледж студенті:

- Осындай шаралар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде адамдарға көп көмек береді. Кеңес алу үшін барлық санаттағы тұрғындар келеді. Біз жастар мемлекеттік қызметті дамытуға бағытталған президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз.

Қазір Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге кедергісіз қызмет көрсетіле бастады. «Бір терезе» қағидасы аясында кәсіпкерлерге қажетті барлық қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік жасалып отыр.

Ерғали Ғабдулин, Қызылжар аудандық мәслихатының депутаты:

- Мемлекеттік кірістер органдарымен жұмыс істеу жылдан жылға қолайлы болып жатыр. Өйткені, әкімшілік кедергілер жойылды. Мемлекеттік қызметтердің көбі электронды үкімет және салық төлеушінің кабинеті арқылы көрсетілуде. Бүгінгі күні мен кәсіпкер ретінде мемлекеттік органдарда жайлы жағдайлар жасалғанын көріп отырмын.

«Электронды үкіметтің» порталын қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру және барлық бюджеттік ұйымдар өкілдері белсенді түрде меңгеруде. Жаңашыл басмтама елдің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға негіз болмақ.

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу