Жыл басынан бері 4 мыңнан астам полиция қызметкері арнайы оқу-жаттығу курсынан өтті. Олар түрлі әдіс-тәсіл, атыс қаруын пайдалану дағдысын шыңдап, физикалық, медициналық, психологиялық дайындықтардан өтуде. Ішкі істер министрлігі арнайы даярлық департаменті бағдарлама да әзірлеген. Тәртіп сақшылары казармалық тәртіпте болып, 6 күн бойы біліктіліктерін шыңдайды. Жыл соңына дейін 20 мыңнан астам полиция қызметкерін оқытып-жаттықтыру жоспарлануда. Сондай-ақ, жеке құрамды даярлау курстары барлық облыстық Ішкі істер департаменттерінде өткізіледі.
Жасұлан Байтенов, Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:
- Аз уақыт ішінде біз көптеген жаттығулар үйрендік. Жаттығулардың күнделікті жұмысқа қажетті әрі пайдалы екеніне көзіміз жетіп жатыр. Арнайы даярлық департаментінің қызметкерлері жаттықтырып жатыр. Ал, біз өзіміздің қызметкерлерімізге үйретеміз.