Алматыда «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мәулен Бектұрғановпен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мәулен Бектұрғановпен кездесу өтті

18.04.2018

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мәулен Бектұрғановпен кездесу өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шарада студенттер жас өнертапқышқа көкейдегі сұрақтарын қойып, жетістікке жетудің құпиясын білді.

23 жасында елге танылған азамат қолынан айырылған адамдар үшін бионикалық протез ойлап тапқан. Оның ерекшелігі - адам келте қолының бұлшық еттері арқылы арнайы микробақылаушы белгілерді қабылдайды. Соның арқасында жасанды қолдың саусақтары қимылдайды. «Әрине, мұндай протездердің аналогы дамыған елдерде бар. Бірақ, оның бағасы өте қымбат», - дейді өнертапқыш. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу