Алты алашқа ана болған Сыр елінің бас қаласы Қызылордаға биыл - 200 жыл. Қызылорданың қазіргі бет-бейнесі бірден қалыптасқан жоқ, қала өсіп-өркендеуі үшін ел азаматтары еселі еңбек етті.
«Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты тарихи-танымдық шараға шаһардың дамуына үлес қосқан қаланың әр кездердегі әкімдері жиналды. Олардың әрқайсысы естеліктерді дәйекті мысалдармен айтса, көрмеге қойылған суреттер мен құжаттар тарихтан сыр шертті. Сырдарияның жағасындағы қасиетті мекеннің тарихы өте терең. Әсіресе, алғашқы астана болған жылдары Ақмешіт саяси және рухани-мәдени орталық болды. Ел үшін маңызды шешімдер қабылданып, игі бастамалардың қазығы қағылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ