Үкімет басшысы жем-шөп дайындау жұмысын жандандыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы жем-шөп дайындау жұмысын жандандыруды тапсырды

19.07.2021

Үкімет басшысы жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Қазір өңірлерде жоспар айқындалып, ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жедел штаб құрылған. Бүгінге дейін 11 млн тоннаға жуық шөп дайындалған. Бұл жоспарлы меженің 44 пайызы. Ал, Асқар Мамин жем-шөпті қолжетімді бағамен сатуды тапсырды. Ол үшін өндірушілермен және құрама жем зауыттарымен меморандумдар жасау қажет.

Премьер-Министр 200 мың тонна мал азығы дақылдарын форвардтық сатып алу мақсатында Үкімет резервінен қаражат бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясына Маңғыстау мен Қызылордаға жем-шөп тасымалдау үшін төмендетілген тариф белгілеуді ұсынды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу