Осы мақсатқа 6 млрд. теңге бөлінді. Мамыр айында облыс орталығындағы Гагарин, Тәуелсіздік, Абай және Алтынсарин көшелерінде құрылыс жұмыстары қыза түспек. Көлік жолдарының шұрық-тесіктері жамылып, жаңа әдіспен асфальт төселеді. Осыған байланысты, көше учаскелерінің кейбір аумақтарында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Ұзын саны 10 көшенің инженерлік желілері жаңартылады. Ал, тұрғын үй аулаларының ішкі аумақтарын абаттандыруға 600 млн. теңге бағыттау көзделген.
Нұржас Қойшыбаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Гагарин көшесіне салқын майлы асфальт бетоны жабылады. Мұндай технологияның артықшылығы көп. Жол ауыр салмақты жүк көліктеріне төзімді болады. Сәйкесінше, ұзақ жылдар бойы қандай да бір жөндеу жасауды қажет етпейді.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ