Павлодар мен Алматы қалалары арасында теміржол арқылы қатынайтын жолаушылар бұдан былай 3 сағат уақыттарын үнемдей алады. Павлодардың теміржол вокзалына Алматы қаласынан шыққан алғашқы жүрдек пойыз келді. Бұған дейін осы бағыт бойынша қатынаған ескі вагондар тегіс ауыстырылды. Жол жүру уақыты қысқарғанымен, пойыз бұған дейінгі 19 станцияның барлығына тоқтайды. Тек жүру жылдамдығы артады. Билет бағасы әр түрлі. Жолаушылар «арзанқол» немесе «турист», «грант», «бизнес класс» санаттары бойынша таңдау жасайды.
Мұхит Момынқұл, «ҚТЖ» ҰК «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының директоры:
- Бұл алғашқы жаңадан шыққан құрам. 30 вагоннан тұрады. Құрамда заман талабына сай жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы купелер қарастырылған.
Болат АМАНБАЕВ