Петропавл-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Мақтаулы Тальго пойызынан өрт шықты. Петропавлдан Алматыға қарай бет алған жүрдек пойыздың соңғы вагоны отқа оранған. Оқыс оқиға кеше түнгі уақытта Қарағанды облысының «Аршалы – Анар» теміржол учаскесінде болған. Салдарынан 235 адам жолдан қалды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін басқа пойыз жолға шыққан.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу