«Jastar 1» атты жаңа телеарна ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Jastar 1» атты жаңа телеарна ашылды

28.03.2018

Елімізде  «Jastar 1» деп аталатын жаңа телеарна ашылды. Наурыз мерекесінен кейін өз жұмысын бастаған жаңа арнаны әзірше интернет көмегімен тамашалауға болады. Жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жұмыс істейтін арнаның бағыт-бағдары айқын. Негізінен жастар өміріндегі маңызды және қызықты оқиғаларды қамтиды. Телеарна контентінде ас үй, сән әлемі, шытырман деректер, тылсым оқиғалар, спорт, телехикая және әлемдік кино өндірісіндегі соңғы жетістіктер қамтылады. Ең бастысы, жастардың өзіне арнаның мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді.    

Ілияс Ысқақов «J1-Jastar1» телеарнасының бас директоры:

- Жастардың өздерін қатыстыра отырып, телебағдарламалар жасауды жоспарлап отырмыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрген жастар бізбен тікелей байланысқа шыға алады. Себебі, біздің бағдарламаларымыз «IDTV» пакетінде болады. Алдағы уақытта «АлмаТВ», «Отау ТВ» спутниктік арналары бойынша жоспарлап отырмыз.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу