Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

21.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция 9,8 пайызға дейін, ал базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін төмендеген. Депозиттерді доллар түрінде сақтау 23,2 пайызды құрап, 26 жыл бұрынғы төменгі шекті деңгейге жетті.

«Цифрлық теңге» жобасының іске асырылу барысы баяндалды. Былтыр қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталығы пилоттық режимде іске қосылды. Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа, жоғары инфляцияға және жаһандық сауданың төмендеуіне қарамастан, 2023-ші жылы жалпы Қазақстан үшін жақсы жыл болғанын атап өтті. Еліміздің макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк пен Үкімет үйлесімді жұмысты жалғастыра беруі қажет деді. Бірқатар жаңа міндет жүктеді.

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу