Депуттар бүгіннен бастап өңірлерге барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депуттар бүгіннен бастап өңірлерге барады

28.03.2018

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттар бүгіннен бастап 6-сәуірге дейін өңірлерге барып, тұрғындармен кездеседі. Мәжіліс өкілдері Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Өңірлерден оралғаннан кейін әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмысты бастайды. Өйткені, Президенттің тапсырмасын сапалы орындау - басты мақсат.

Сондай-ақ, жалпы отырыста «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 20 жыл қолданыста болған заңға сәйкес, адвокат диплом, лицензиямен қатар, бітіруші адвокаттар алқасына мүше болуы керек. Ол 1 млн. теңге жарна төлеуі міндеттелетін. Сондықтан да, елде адвокат тапшы. Қазір 12,5 мың адамның адвокаттық қызметке лицензиясы бар, ал, қызмет істеп жүрегені 4,5 мың ғана. Жалпы, депутаттар заңгерлік көмек саласында бәсекелестік болуы керектігін айтады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясында қоғамдық ұйым өкілдері болуы тиіс. Құжатқа сәйкес, заң көмегінің орташа құнын білу үшін тарифтік кесте енгізіледі. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап адвокаттардың, заң консультанттарының міндетті түрде өз кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізу көзделіп отыр. Бұл сенім білдірушілерге кәсіби заң көмегін алуға кепілдік береді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу