Астанада 30-ға жуық бала ойын-сауық орталықтарына тегін кіріп, түрлі аттракциондарға отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 30-ға жуық бала ойын-сауық орталықтарына тегін кіріп, түрлі аттракциондарға отырды

28.03.2018

Елордадағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға жуық бала ойын-сауық орталықтарына тегін кіріп, түрлі аттракциондарға отырды. Ойындар ойнап, би билеп, бала көңілдері шат-шадыман күйге бөленді. Мұндай қайырымдылық шарасын «Жас Отан» жастар қанаты съезінің делегаттары ұйымдастырып отыр. Тек ойындар ғана емес, балғындар ғылымдар әлеміне саяхат жасап, дельфиндік шоуларға да қатысты. Ұйымдастырушылар кішкентай меймандарға әдемі сыйлықтар таратты. Бүлдіршіндер бұдан кейін мейманханада тәтті, дәмділер қойылған дастарханға отырды.   

Анастасия Табанова, «Астана қаласы SOS балалар ауылының» тәрбиеленушісі:

- Бүгін біз ойнадық. Биледік. Маған бәрі ұнап жатыр. Көп-көп рахмет.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу