Базар барсаң, түбіртек талап ет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базар барсаң, түбіртек талап ет

27.03.2018

Енді Астанадағы базарлар мемлекеттік кірістер органдарына түбіртек жайлы онлайн ақпар беріп отыратын POS-терминалдармен жабдықталады. Бұл «Заманауи форматтағы сауда орны» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Бүгін аталған жоба шеңберінде «Түбіртек талап ет те, елорданың дамуына үлес қос» акциясы ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұтыс ойынына сауда жасағанын растайтын түбіртегі бар тұтынушылар қатысты. «Жалпы чек талап ету көлеңкелі кәсіптің жолын кесіп, салықтық түсімдерді еселеп арттырады», - дейді мамандар. Айта өтейік, өткен жылы қаладағы сауда орындарынан қазынаға 2 млрд. теңге қаржы түскен. 

Аслан Махметов,  Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Барлық келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Әрбір тұтынушының қандай құқықтары бар, әрбір саудагердің қандай міндеттері бар. Сол туралы айтып кеттік. 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу