Елордада өтетін жәрмеңкеде жұмыртқа мен құс еті сатылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада өтетін жәрмеңкеде жұмыртқа мен құс еті сатылмайды

24.09.2020

Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстан облысының фермерлері елордада өтетін жәрмеңкеге құс етін әкелмейді. Алдағы сенбі- жексенбіге жоспарланған сауда мерекесіне кәсіпкерлер 730 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді деп жоспарланған. Тауарлардың құны базар бағасынан 10-15 пайыз төмен болады. Оның ішінде ет, сүт , бал, сұйық май, жарма өнімдері бар. Ал өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тауық еті мен жұмыртқа сатылмайды. Дегенмен тұтынушылар сақтық шарасын ескеріп, маска тағып, қашықтық сақтап, антисептик қолданғаны жөн.    

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу