Әсіресе, Тасқала, Бірлік, Чижа-1, Атамекен, Оян ауылдары омбы қарға көміліп, қатынас қиындаған. Оған себеп, наурызда жауын-шашынның бірнеше айлық нормасы түскен. Қар қалыңдығы кей жерлерде 65 см-ді құрайды. Мамандардың айтуынша, ақ ұлпаның мөлшері алапат су тасқыны болған 1994 жылдың деңгейіне жеткен. Сәрсенбіден бастап күннің жылынатынын ескеріп мамандар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Бауыржан Төлешов такси жүргізушісі:
- Тасқалаға күніне бір-екі рет барамын. Чижаға қарай қатынас шамалы. Ауылдық жердің қарын уақытылы тазартпаса, суға да кетерміз.
Марс Отаров, БҚО ТЖД бөлім бастығы:
- Соңғы түскен жауын-шашынның салдарынан көптеген елді мекендерде, қыстақтарда жол жоқ. Оған жергілікті техникамен қатар, облыстан да техника жұмылдырылуда. Облыстық резервтен аудандарға қосымша қапшық, жанар-жағармай берілді. Бұл жұмыстар жалғасуда.
Назерке ТОҒЖАН