Марқакөл ауданындағы жағдай: 4 ауылдың жолы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марқакөл ауданындағы жағдай: 4 ауылдың жолы ашылды

17.01.2024

Қар құрсауында қалған Марқакөл ауданындағы жағдай біртіндеп оңалып келеді. Бүгін 4 ауылдың жолы ашылды. Дегенмен, әлі 5 елді мекен қар құрсауында. Олар өте шалғайда орналасқан. Ең шеттегі Шанағаты ауылында электр жарығы жоқ. Жол ашылмағандықтан, энергетиктер де жете алмай жатыр. Марқакөл мен Күршім өңіріндегі қар басып қалған ауылдардың жолын 20-дан астам техника тоқтаусыз, күндіз-түні тазалап жатыр. Қаңтардың басынан бері жаңбыр аралас қар тоқтаусыз жауды. Кейбір аумақтарда оның қалыңдығы 2-3 мтерге дейін жетеді. Сондықтан арнайы ауыр техниканың да, күрегі батпай жатыр. Дегенмен, кешеден бері ашылған жолдардың бүгін екі жағы кеңейтілді.

Дүйсен Қалибеков, Марқакөл ауылының тұрғыны:

Мына еріктілерге рахмет айтамыз. Ауыл болып жанталасып қол үшін беріп жатыр. Осы міне қиын қыстау кезінде жан-жақтан көмек келіп жатыр. Ал енді кеше Қайнарлы ауылына тамақ жеткізілді. Сол енді 1-2 күнде жан-жаққа жол ашылады деп, болжап отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу