Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

21.03.2018

Жауын жауып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. «Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, 1,5 метр болып қатқан тоң біртіндеп жібіп келеді.

Ал, таулы аймақтарда қардағы судың қоры көпжылдық мөлшер деңгейінде. Күршім, Зайсан, Үржар, Аягөз аудандарында қазір қар жоқ. Жалпы, облыстағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Ал, ірі өзендерде мұз ери бастады. Алдағы бірнеше күнде облыста Атлантикадан ойысқан суық циклонның әсерінен жауын- шашын болады деп күтілуде.  

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу