Өскемен аумағын аралаған Даниал Ахметов енді қызыл судан қорқыныш жоқ деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен аумағын аралаған Даниал Ахметов енді қызыл судан қорқыныш жоқ деп мәлімдеді

19.03.2018

Тасқыннан қауіп  жоқ. Өскемен аумағын аралаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі енді қызыл судан қорқыныш жоқ  деп мәлімдеді. Осыдан 10 күн бұрын тоқтаусыз жауған қар аралас жаңбыр елді әбіргерге салған еді. Өскеменнің қақ ортасындағы басты көшелер мен даңғылдар еріген қар суына толып, көлік қозғалысын қиындатқан болатын. Қала ішіндегі инфрақұрылымның дұрыс жасалмағандығын ескерткен әкім, жауапты тұлғаларды қатаң сынға алған. Осы кемшіліктерді жою үшін енді арнайы жоба жасақталды.  

Айдана ДАЙЫРОВА

 

Хабарламаларға жазылу