Тасқыннан қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан қауіп жоқ

19.03.2018

Тасқыннан қауіп  жоқ.  Өскеменнің аумағын аралаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі енді қызыл судан қорқыныш жоқ деп мәлімдеді.  Осыдан 10 күн бұрын тоқтаусыз жауған қар аралас жаңбыр елді әбіргерге салған еді. Өскеменнің қақ ортасындағы басты көшелер мен даңғылдар еріген қар суына толып, көлік қозғалысын қиындатқан болатын.  Қала ішіндегі инфрақұрылымның  дұрыс жасалмағандығын ескерткен әкім, жауапты тұлғаларды қатаң сынға алған. Осы кемшіліктерді жою үшін енді арнайы жоба жасақталды.   

Атырау атырабында биыл өңірдегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Жайық, Ойыл, Жем өзендерінде қар жылдағыдан аз. Алайда, облыс аумағындағы өзендер мен теңіз жағалауының 213 шақырымын нығайту қажет. Десе де,  тасқынның алдын алу үшін қор дайын. 47 тонна жанар-жағармай, 1004 тонна инертті материалдар және 75 мың қап құм әзірленген. Сонымен қатар, көршілес Ресейдің Астрахань, Волгоград, Орынбор облыстарымен гидрологиялық мәліметтер алынып, ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілуде.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу