Қазақстанда 236 000 көпбалалы ана бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 236 000 көпбалалы ана бар

09.03.2018

Қоғамдағы қыз-келіншектердің үлесі мен рөлі қандай? Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы 8 наурыз мерекесі қарсаңында қызықты статистика жариялады. Мысалы, былтыр 8 наурыздан биыл 8 наурызға дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әйелдер 13 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрін алған. Жалпы, күніне аталған орталықтарға орта есеппен  100 000 адам келеді екен. Олардың жартысынан көбі, яғни 55-60 пайызы әйелдер екен. Сондай-ақ, бір жыл ішінде берілген электронды цифрлы қолтаңбалардың 53 пайызын немесе 2 миллионнан астам электронды қолтаңбаны әйелдер алған. Тағы бір қызықты ақпарат бір жыл ішінде еліміз бойынша 96 мың әйел жүргізуші куәлігін алған. Бұл жалпы берілген куәліктердің 25 пайызы. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпаратына сай қазір елімізде 303 508 әйел бала күтіміне байланысты жәрдемақы алса, 1 525 818 әйел мемлекеттен зейнетақы алады. Ал, жәрдемақы алатын көпбалалы аналарымыздың саны 236 мың.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу