Қызылорда облысының барлық аудандарында «Ана бақыты» ескерткіші бой көтереді. Ондай ескерткіш кешен былтыр қалада салынған болатын. Ол қазір көпшіліктің ардақ тұтар қасиетті орнына айналған. Жалпы, Сыр өңірінің дамуында әйел-аналардың үлесі зор. Нәзік жандылар қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Соның айғағы - облыстың негізгі саласы бойынша 5 басқармаға қыз-келіншектер басшылық етеді. Мемлекеттік қызметтегілердің 46 пайызын нәзік жандылар құрайды. Сондай-ақ, Қызылорда алтын құрсақты аналар саны бойынша да елімізде алдыңғы орында. Облыста 44 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Соның 27 мыңы-«Батыр ана».
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ