Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жолдары өзгертіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жолдары өзгертіледі

02.03.2018

Болашақта кәсіп иелеріне тікелей қаржылай қолдау көрсетілмейді. Оның орнына несиелеу жолдары жеңілдетіледі, жаңаша инфроқұрылым, экспортқа шығару жолдары жасақталады. Яғни, мемлекеттік қолдау жанама түрде жүргізілмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Ақмола облысындағы ірі кәсіпорынның жұмысымен танысып, мамандармен жүздескен ол қазіргі уақытта саланы жіті зерттеу үстінде екенін айтты. Барлық жетістіктер мен проблемалар белгілі болса, реформа жүргізудің жолдары да анық көрінбек. Субсидиялаудың жаңа тәсілдері сынақтан өтіп жатыр.  

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бірақ, қазір бірден бұған көшейін деп отырған жоқпыз. 14 субсидияны қайта қарау керек. Басқа субсидияларға ауыстыру керек. Дегенмен, биылғы жылы күрт өзгертетін ой жоқ. Қазір ережелер талқыланып жатыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу