Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланды

22.09.2020

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдерін бөлуді қайта қарастыру қажет. Бұл «Қазақстан коммунистік халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы мүшелерінің пікірі. Көкшетауда өткен жиында ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелер талқыланды. Қазір аймақта игерілмей бос жатқан жерлер баршылық. Оларды іске жарату керек. Банкрот болған ірі компаниялардың меншігіндегі алқаптардан да пайда жоқ. Халық пайын ала алмай отыр. Сондықтан бұл проблеманы шешуді тезге салған абзал. Жиынға қатысушылар жер мәселесі шешімін тапса, мал басының көбеюіне, өнімділіктің артуына әсерін тигізеді деген сенімде.  

Мұрат Молдахметов, Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі:

- Мал бағатын, шабатын жер жоқ. Өйткені қазір ауылда көбіне адамдар мал шаруашылығымен айналысады.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу