Алматы облысындағы тасқын судың беті қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы тасқын судың беті қайтты

02.03.2018

Бірнеше күннен бері Алматы облысының тұрғындарын әбден әбігерге салған қызыл судың беті қайтты. Мамандар да қауіптің сейілгендігін айтты. Әсіресе, еріген қар суынан зардап шеккен Жамбыл ауданының Қайназар, Ұзынағаш ауылдарында жағдай тұрақталды. Аулаларды судан тазалау шараларына 500-ге жуық адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Ал, Талғар ауданының Тұздыбастау мен Қызылту елді мекендерінде әлі де жұмыс жүріп жатыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, су басқан үйлерді аралап, келтірілген шығын көлемін есептеп жүр. Ал, жергілікті билік өкілдері үйлері тұруға жарамсыз болып қалған халықты уақытша пәтерлерге орналастыруда.

Дәмеш Өмірова, Қайназар ауылының тұрғыны:

- Жергілікті әкімдік те, облыс әкімі де уәде беріп жатыр. Бала-шағамен далаға қалдырып жатқан жоқ. Балаларымызға киім-кешек, аяқ киімдерін алып берді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу