Ұлыстың ұлы күніне бес елшілік тарту жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күніне бес елшілік тарту жасамақ

28.02.2018

Ұлыстың ұлы күніне орай шетелдік миссиялар қазақстандықтарға ерекше тарту жасамақ. Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елшіліктері «Француз наурызы» атты шара ұйымдастырмақшы. Наурыз және сәуір айларына жоспарланған шараның жоспары ауқымды. Оның аясында ертең француз тілді фильмдер фестивалі басталады. Көрермендерге аталған 5 елдің үздік кинематография туындылары ұсынылады. Ал, наурыздың 16-сы Алматы қаласында атақты француз стилисі Ламин М-ның сән көрсетілімі өтеді. Сондай-ақ, еліміздің әр түкпірінде француз тіліндегі ән байқауы ұйымдастырылады. Оның жеңімпазы Астанада сәуірдің 12-сі өтетін финалда анықталып, оған Францияға саяхат табысталады.

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Біздің кішкентай достарымызға арналған шараларымыз да бар. Сәуір айында Астана мен Алматы қалаларында комикстер фестивалі өтеді. Сондай-ақ, бүлдіршіндер көп көретін смурфиктердің 60 жылдығына орай керемет көрме ұйымдастырмыз. Біз осылайша екі елдің халқын бір-біріне жақындастырғымыз келеді. Наурыз мейрамы Қазақ халқы үшін ерекше күн екенін білеміз. Сондықтан, сіздерге осындай тарту ұйымдастыруды жөн санадық. Шарамызға барша қазақстандықтарды шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу