Алматыда Ұлыстың ұлы күніне әзірлік басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ұлыстың ұлы күніне әзірлік басталды

14.03.2018

«Жаңғыруға жастардан үндеу». Осындай атаумен Алматыда алқалы жиын өтіп, оған танымал тұлғалар мен белсенді жастар қатысты. Өнер иелері Ұлыстың ұлы күнін биыл ерекше тойлауға әзірлік басталғандығын жеткізді. Олардың сөзінше, «Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек» бастамасы мерекенің мән-мағынасын арттырады. Сондай-ақ, ұрпақ тәрбиелеуде рөлі зор. Сондықтан, ұлтымыздың жаңа жылын жаңаша форматқа көшіру қажет. 

Бақыт Тушаев, актер:

- Арыстанбек Мұхамедиұлының бұл бастамасы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарастырылып отыр. Министр 8 тармақ бойынша атап көрсетті. Балаларға деген көзқарасың, баланың көңілі таза болсын деп, қазақ бірінші Наурыз көжені ішуді балалардан бастаған.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу