Байқоңыр ауданы 18,1 мың гектар аумақты қамтымақ. Халық саны қазіргі есеппен 211 мың шамасында. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихат жиынында айтылды.
Жаңа ауданның шығыстағы шекарасы Ақбұлақ көлі арқылы нөмірі 101-көшемен, әрі қарай Пушкин көшесі маңымен өтеді. Оңтүстік тарап Есіл өзені арқылы Республика даңғылымен, сондай-ақ, Республика даңғылынан Бөгенбай батыр көшесіне дейін, әрі қарай темір жол торабына дейін созылады. Ал, батыс бөлігіне қалалық зират кіреді.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда елорда халқының саны 645 мыңнан 1 миллион 10 мың адамға дейін, яғни, 35 пайызға артқан. Сол үшін қалаға жаңа мектеп, балабақша, емхана, инженерлік инфрақұрылым қажет. «Осы мақсатта жаңа 4-ші ауданды ашу қажеттілігі туындады»,- дейді депутаттар.
Мұхтар Төлеутаев, қалалық мәслихат депутаты:
- Шеткі аудан деген түсінік болмауы қажет. Қаланың орталығы қандай болса, шеткі аудандары да сондай жақсы жағдайда болуы керек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ