Алдағы үш тәулікте кезекті антициклонның әсерінен еліміздің басым өңірлерінде ауа температурасы төмендейді. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, тұрақсыз күн райының әсерінен кей жерлерде тұман мен қар аралас жаңбыр, көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ, ертең еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында жылдамдығы 30 метр секундқа дейінгі күшті жел тұруы мүмкін. Бас қалада 27-28 ақпанда түнде 9 градусқа дейін суық болады. Жолдарда көктайғақ орнайды.
Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Алдағы тәулікте кезекті антициклонның әсерінен батыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен еліміздің басқа өңірлеріне ауа температурасының төмендеуі болады.
Елдос САПАРҒАЛИ